Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешітінде жат ағымның алдын алу жөнінде насихат айтылды
«Қазыбек би» мешітінде жат ағымның алдын алу жөнінде насихат айтылды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Сәбит Базарбайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында насихат айтылды.

Жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында өткізілген іс-шара барысында имам жамағатқа теріс ағымдардың белгілері, олардың қоғамға тигізер кері әсері мен шынайы исламнан айырмашылықтары жайлы кеңінен түсіндірді.

Уағыз барысында:

• Жат ағымдардың шығу себептері;

• Алаяқ діни насихатшылардың әдіс-тәсілдері;

• Қоғамда белең алып отырған теріс идеологиядан сақтану жолдары;

• Дәстүрлі ислам құндылықтарының орны

сияқты маңызды тақырыптар қамтылды.

Мақсат – жамағатты діни сауаттандырып, қауіп-қатерлерден қорғау, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтау.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz