Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданында «Бір айда бір кітап» жобасы жүзеге асып жатыр
Шет ауданында «Бір айда бір кітап» жобасы жүзеге асып жатыр

Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында кезекті рухани іс-шара ұйымдастырылды.

Аудандық мешіттің бас имамы Берік Алпысбайұлының бастамасымен өткен бұл жолғы дәріс «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабына негізделді. Дәрістің тақырыбы – «Алла Тағалаға ихсан».

Жамағатқа ихсан ұғымының мәні, Алла Тағалаға деген шынайы ықыласпен құлшылық ету, жүрек тазалығы мен көркем мінез туралы кеңінен түсіндірілді. Дәріс барысында қатысушылар сұрақ қойып, өзара пікіралмасты.

Аталмыш жоба аясында әр ай сайын бір рухани кітап оқылып, мешіт жамағатына түсіндірме дәрістер өткізіліп келеді. Бұл игі бастама мешітке келушілердің діни білімін арттырып, рухани тұрғыдан өсуіне жол ашып отыр.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz