Center Image
IHSAN.KZ
Құранға қадам – сауапты жолдың бастауы
Құранға қадам – сауапты жолдың бастауы

Қарағанды облысы, Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінде Құран әліппесін тәмамдаған шәкірттерге арналған рухани жиын ұйымдастырылды.

Алланың үйінде ақ дастархан жайылып, жүректерге иман нұрын себетін игі басқосу өтті.

Мешіт ұстазы Руслан Сләмқұлұлы Құранның артықшылығы мен оны үйренудің сауабы жөнінде өнегелі уағыз айтып, шәкірттерге рухани бағыт-бағдар берді.

Сондай-ақ шәкірттерге құрмет ретінде сый-сияпаттар табысталды.

Бұл — сауапты жолдың алғашқы белесі ғана. Алла Тағала әр шәкіртке Құранымен өмір сүруді нәсіп етсін!

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz