Қарағанды облысы, Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаянына арналған сира дәрістері жүргізіліп жатыр.
Игі іс-шара мешіт имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр. Дәріс барысында жамағатқа сүйікті Пайғамбарымыздың ғибратқа толы өмір жолы, көркем мінезі мен сүннеті туралы құнды мағлұматтар беріледі.
Бұл дәрістер жамағаттың діни танымын арттырып, рухани жаңғыруына жол ашады. Сонымен қатар пайғамбарлдың тағылымдарын күнделікті өмірде қолдануға үндейтін пайдалы мәжіліске айналып отыр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі