Center Image
IHSAN.KZ
Шығармашылыққа бағытталған шеберлік сабағы
Шығармашылыққа бағытталған шеберлік сабағы

Қарағанды қаласындағы «Әл-Ғаффар» мешітінде қыздар жамағатына арналған жазғы діни сауат ашу лагері аясында ерекше шеберлік сабағы ұйымдастырылды.

«Гофр қағазынан раушан гүл жасау» атты мастер-класс қыздардың шығармашылық қабілетін арттыруға бағытталды.

Шәкірттер түрлі-түсті қағаздардан гүл құрастырып, қолөнерге деген қызығушылықтарын көрсетті.

Дәріс барысында қыздар көтеріңкі көңіл күйде болып, бір-біріне көмектесіп отырды.

Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар арқылы балалардың эстетикалық талғамы мен рухани дүниесі қатар дамып келеді.

Сабақ соңында қатысушылар ұстаздарына алғыстарын білдіріп, өз жұмыстарын қуана таныстырды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz