Қарағанды қаласындағы «Әл Машани» мешітінде жас жеткіншек қыздарға арналған тәрбие сағаты өтті. «Ұят – иманнан» тақырыбында ұйымдастырылған рухани жиында мешіт ұстазы қыз балаларға Исламдағы ұят пен ар-ождан ұғымының маңызы жайлы кеңінен түсіндірді.
Ұстаз ұяттың адам бойындағы асыл қасиет екенін атап өтіп, қыз баласының бойындағы ибалылық, әдептілік пен ар-намысты сақтау — қоғамның көркемдігі мен имандылығының кепілі екенін айтты. Жиын барысында шәкірттер тәрбиелік мәні зор тағылымды кеңестер тыңдап, өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі