Center Image
IHSAN.KZ
«Қажыбай қажы» мешітінде қыз балаларға аспаздық сабағы өтті
«Қажыбай қажы» мешітінде қыз балаларға аспаздық сабағы өтті

Қарағанды облысы, Үштөбе ауылындағы «Қажыбай қажы» мешітінде жазғы сауат ашу курсына қатысып жатқан қыз балаларға арналған тәрбиелік маңызы зор аспаздық өнер сабағы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында шәкірттер тек тағам әзірлеу тәсілдерін үйреніп қана қоймай, тазалық, ұқыптылық, ынтымақ сынды құндылықтарды да бойларына сіңірді. Бұл тәрбие сабағы қыз балалардың іскерлік қабілеттерін дамытып, отбасылық өмірге деген жауапкершіліктерін арттыруға бағытталды.

Игі бастама – жазғы курстың мазмұнын байытып, білім мен тәрбиені ұштастыра түсті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz