Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу және дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту мақсатында қазақтың зияткерлік ұлттық ойыны — «Тоғызқұмалақ» сайысы ұйымдастырылды.
Бұл жарыс «Имани жаз 2025» жазғы сауат ашу курсына қатысып жатқан шәкірттер арасында өтті. Сайыстың басты мақсаты — балаларды ата-бабамыздан мирас болған ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу, ұлттық рухқа баулу және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Сайыс жоғары деңгейде өтіп, шәкірттер арасында тартысты ойын өрнегі көрініс тапты. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталып, барша қатысушыларға тәтті балмұздақтар таратылды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас буынның ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға, дәстүр мен діннің өзара үндестігін терең түсінуге ықпал етеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі