Center Image
IHSAN.KZ
Приозерск қалалық мешітінде  «Зікір және зікірдің пайдасы» тақырыбында уағыз айтылды
Приозерск қалалық мешітінде  «Зікір және зікірдің пайдасы» тақырыбында уағыз айтылды

Қарағанды облыстық «Әнет Баба» мешітінің наиб имамы, Қарағанды облысы бойынша жат діни ағымдардан сақтандыру және оңалту бөлімінің жауапты маманы Кемербаев Данияр Ерікұлы Приозерск қалалық мешітінде жұма уағызын өткізді.

 «Зікір және зікірдің пайдасы» тақырыбында уағыз айтқан наиб  имам: «Зікір – Алланың разылығына бөленуге, жүректің тыныштық тауып, тазаруына, күнәлардың кешірілуіне себепші болатын амал. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Алланы еске алуды мақсат етіп, тек Оның ризалығын ғана қалап жиналған қауымға көктен: «Күнәларың кешірілген күйде орындарыңнан тұрыңдар, сендердің жамандықтарыңның барлығы да жақсылықтарға алмастырылды» деп айтылады», – деген»,-деді.    

Наиб имам жұма намазынан кейін мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.      

ҚМДб-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz