Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты «Күмісбек молла» мешітінде асхананың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жөндеу жұмыстарына мешіт жамағаты мен жомарт азаматтар қолдау көрсетті.
Асхананың толық жаңартылуы алдағы уақытта мешітте өтетін түрлі діни, тәрбиелік іс-шаралар мен қайырымдылық дастарханның сапалы ұйымдастырылуына мүмкіндік береді.
Мешіт ұжымы бұл игі бастама мешіттің материалдық-техникалық базасын нығайтып, жамағаттың жайлылығы үшін жасалып жатқанын атап өтті.