Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің наиб имамы Дархан Түменбай емханада екпе мәселесіне қатысты түсіндіру кездесуі мен уағыз-насихат жүргізді.
Іс-шара барысында наиб имам екпе алудың шариғаттағы орны мен маңыздылығына тоқталып, дінімізде адам өмірі мен денсаулығын сақтау – аса маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ екпенің адамды түрлі жұқпалы індеттерден қорғаудағы тиімділігі де жан-жақты түсіндірілді.
Кездесуге емхана қызметкерлері мен ем алушылар қатысты. Қатысушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, барлығына нақты әрі дәйекті жауаптар берілді. Жиналғандар екпе туралы діни көзқарастарға қатысты түсініктерін кеңейтіп, қажетті ақпарат алды.
Осындай іс-шаралар қоғамда діни және медициналық сауаттылықты арттыруға, екпе туралы жалған түсініктердің алдын алуға және жұртшылық арасында дұрыс көзқарас қалыптастыруға септігін тигізеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі