Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің әйел-қыздар жамағатына арналған жазғы лагерьдің қорытынды кеші өтті. «Имани жаз – жүректерге нұр сепкен жаз…» атты рухани кеш – жаз бойы өткізілген тәрбиелік дәрістер мен игі амалдардың қорытындысы болды.
Жаз айларында қатысушылар Құран оқып, дұға жасап, Алланың көркем есімдерін танып, иман мен ізгілікке бет бұрды. Қорытынды кеш барысында:
Құран аяттары оқылып, жүректерге шипа болды..
Алланың көркем есімдерімен дұға жасалды.
Қатысушылар бір-біріне ізгі тілектер арнап, имани жылы шуағын бөлісті.
Бұл лагерь әйел-қыздар жамағатының арасындағы бірлікті нығайтып, рухани дамуға жол ашты. Естен кетпес сәттер мен жүрекке ұялаған ізгі әсерлер үшін Алла Тағалаға сансыз шүкіршілік айтылды.
Бұл жаз – әр жүрекке иман мен үміттің гүлін өсірді. Алла Тағала осы қадамдарымызды қабыл етіп, жүректерімізді иман нұрымен мәңгі нұрландырғай!
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі