Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде Ашура күніне орай имандылыққа үндеген уағыз-насихат жүргізілді.
Имам Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы жамағатқа сабыр мен шүкіршілік, ықылас пен Аллаға тәуекел ету туралы тағылымды ойлар айтты.
Сондай-ақ бұл күнді ораза, дұға, тәубе және басқа да құлшылықтармен өткізу жөнінде насихат айтып, рухани тәрбие мен сауап жайлы мағлұматтар берді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі