Center Image
IHSAN.KZ
«Нұр» мешітінде жазғы сенбілік ұйымдастырылды
«Нұр» мешітінде жазғы сенбілік ұйымдастырылды

Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жамағаттың қатысуымен жазғы сенбілік ұйымдастырылды. Игі шара аясында мешіт ауласы тазаланып, шөптер шабылды, қоршау маңы мен жүргіншілер жолы ретке келтірілді. Сонымен қатар қоқыс жиналып, айналада санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сенбілікке мешіт қызметкерлерімен бірге қала жамағаты да белсенді қатысып, ауызбіршілік пен ортақ жауапкершілік үлгісін көрсетті. Мұндай іс-шаралар мешіт маңын көркейтіп қана қоймай, жамағат арасындағы бірлік пен берекені нығайта түседі.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz