ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Дархан дала» жобасы аясында Ақтоғай ауданының имамдары Қараменде би кесенесіне зиярат жасады.
Кесене Ақтоғай кентінен солтүстік-шығысқа қарай, Ақтас өзенінің Тоқырауынға құяр сағасындағы Қараменде айрығы (ел аузында — Қарекең айрығы) аталатын жерде орналасқан.
Қараменде Шақаұлы — Орта жүзге аты мәлім би, көріпкел әулие, дуалы ауызды тұлға. Ол шамамен 1707–1797 жылдары өмір сүрген.
Абай Құнанбайұлы да бала кезінде әкесі Құнанбайдың аузынан Қараменде бидің шешендік, даналық сөздерін тыңдап, көкейіне түйіп өскен деседі.
Мұндай тағылымды зияраттар имамдардың тарихи танымын тереңдетіп, елге өнегелі тұлғаларды насихаттауға жол ашады.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі