Center Image
IHSAN.KZ
Шет ауданының жамағаты баскетболдан сайысты
Шет ауданының жамағаты баскетболдан сайысты

Қарағанды облысына қарасты Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің жамағаты баскетбол алаңында бас қосып, достық рухтағы спорттық кездесу өткізді. Игі іс-шара мешіттің бас имамы Берік Алпысбайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Спорттық сайыстың негізгі мақсаты – жамағат арасындағы бірлік пен ынтымақтастықты арттыру, жастарды мешітке жақындату әрі саламатты өмір салтын насихаттау болды. Баскетбол ойынына жас жамағат өкілдерімен қатар ересек мұсылмандар да белсенді түрде қатысып, шынайы спорттық тартыс көрсетті.

Іс-шара барысында мешіт имамы Берік Алпысбайұлы жиналған жамағатқа салауатты өмір салтының Исламдағы орны туралы насихат айтты. Ол Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) «Күшті мұсылман – әлсіз мұсылманнан қайырлы» деген хадисін алға тартып, мұсылман баласының тән саулығы мен рухани кемелдігін қатар дамытуы керектігін атап өтті.

Кездесу соңында жамағат естелік суретке түсіп, мұндай игі бастамалардың алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім білдірді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz