Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешіті: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектептері
«Жыржыс қажы» мешіті: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектептері

Қарағанды облысына қарасты Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырылды.

Игі рухани іс-шара мешіттің бас имамы Рүстем Мұратұлының бастамасымен жүзеге асты.

Дәрістің басты мақсаты – жамағатқа дәстүрлі ислам құндылықтарын тереңірек таныстыру, сондай-ақ қазақ даласындағы діни білім беру тарихына үңіле отырып, ел ішінде діни сауаттылықты арттырған ірі тұлғалардың еңбегін дәріптеу болды.

Рүстем Мұратұлы өз сөзінде қазақ жеріне ислам дінінің таралу үдерісі, медіресе мен мектептердің қызметі, ахундар, ишандар мен молдалардың халықты имандылыққа баулудағы рөлі туралы кеңінен тоқталды. Сонымен қатар ислам дінінің қазақ халқының салт-дәстүрімен, рухани болмысымен үндесіп, біте қайнасқаны жайлы тағылымды мәліметтер келтірді. Қазақи діни мектептің ерекшеліктеріне де арнайы тоқталып, тың деректермен бөлісті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz