Қарағанды қалалық «Хазрет Али» мешітінде қоғамда белең алып келе жатқан жат діни ағымдардың алдын алу мақсатында арнайы уағыз-насихат жұмысы ұйымдастырылды.
Мешіттің наиб имамы Тілманов Таңат жиналған жамағатқа дәстүрлі Ислам құндылықтарының маңыздылығын түсіндіріп, еліміздегі діни тұрақтылықты сақтау жолында әр азаматтың жауапкершілігі жоғары екенін атап өтті.
Уағыз барысында имам теріс пиғылды діни ағымдардың белгілері, олардың жастар санасын улаудағы айла-тәсілдері мен қоғамға, отбасыға және жеке тұлғаға тигізер зияны туралы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, жамағатты дін мәселесінде сақ болуға, діни білімді тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты ресми мешіттер мен оқу орындарынан алуға шақырды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі