Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында өткізілген азан шақырып ат қою рәсіміне қатысты.
Игі іс-шара барысында имам жаңа өмір есігін ашқан сәбидің құлағына азан айтып, есімін қойды. Бұл сәт ата-бабадан жалғасып келе жатқан ислам діні мен ұлттық дәстүрдің ажырамас байланысының жарқын көрінісі болды.
— Балаға ат қою — тек ата-анаға ғана емес, күллі қоғамға аманат. Дінімізде жаңа туған сәбиге азан шақырып есім беру — оған алғашқы рухани тәрбие беру. Бұл — сәбидің өмір жолындағы алғашқы дұғасы, — деді Рүстем Мұратұлы.
Аталмыш рәсім барысында имам бұл отбасыға ізгі тілектер айтып, сәбиге мықты денсаулық пен иманды ғұмыр тіледі.