Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешітінің аумағын қоршау жұмыстары басталды
«Жыржыс қажы» мешітінің аумағын қоршау жұмыстары басталды

Қарағанды облысына қарасты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің айналасын қоршау жұмыстары бастау алды.

Аталған игі іс мешіттің имамы Рүстем Мұратұлының бастамасымен және жамағаттың қолдауымен жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда қоршаудың алғашқы қатары қаланып, құрылыс жұмыстары жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Мешіт ауласын қоршау — жамағатқа жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ мешіт аумағының реттілігін сақтау мақсатында қолға алынған.

Құрылыстың алғашқы күндерінен-ақ жамағат белсенділік танытып, қол күшін де, қолдауын да аямай атсалысып келеді.

Мешіт ұжымы алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастырып, абаттандыру жұмыстарын толық аяқтаған соң, жамағат игілігіне ұсынуды жоспарлап отыр.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz