Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжаты жамағатқа таныстырылды
«Төлеутай ата» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжаты жамағатқа таныстырылды

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген «Ас беру мәдениеті» құжаты кеңінен таныстырылды.

Аталған іс-шараның мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ас беру дәстүрін шариғат талаптарымен үйлестіре отырып, ұлттық мәдениет пен діни қағидаларды насихаттау, сонымен қатар ысырапшылдық пен даңғазалықтан сақтану қажеттігі көзделген..

Мешіттің наиб имамы Диербек Аширматов жамағатқа ас беру рәсімінің Ислам дініндегі орны мен маңызы жайында кеңінен түсіндіріп, ас беру кезінде артық шығынға жол бермеу, қарапайымдылықты ұстану, марқұмның артынан сауабы жететін амалдарды дұрыс ұйымдастыру сынды мәселелерге тоқталды.

Жиын барысында жамағат тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, имам барлық сауалдарға жан-жақты жауап берді. Сонымен қатар ас беру кезінде жасалатын дұғалар мен амалдар жайлы толық мағлұмат ұсынылды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz