Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нурұлының бастамасымен мешіт имамдары, ұстаздары және қариялар жамағаты дастарқан басында бас қосты.
Жақында мешіт қызметкерлері Қарағанды қаласында алғаш мешіт ашылуына себепкер болған ұстаз, молда Бала қажының қабірін жаңарту жұмыстарын жүргізген болатын. Осыған орай, бүгінгі жиында баба рухына арнайы Құран оқылып, ас берілді.
Іс-шара барысында Бала қажының өмір жолы мен өңірдегі діни қызметі жайлы деректер айтылып, оның артында қалған рухани мұрасы туралы тағылымды әңгімелер өрбіді. Жиын соңында елдің амандығы мен бірлігінің баянды болуы тілегімен бата жасалды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі