Center Image
IHSAN.KZ
«Жыржыс қажы» мешітінде жанұя құндылықтары жайлы насихат айтылды
«Жыржыс қажы» мешітінде жанұя құндылықтары жайлы насихат айтылды

Қарағанды облысы, Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінде «Ынтымағы жарасқан жанұя» тақырыбында имани насихат айтылды.

Аталған насихаттық кездесу Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылықтары жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылды.

Жамағатпен өткен басқосуда мешіт имамы Рүсем Мұратұлы отбасының қоғамдағы орны, ер мен әйелдің бір-біріне деген құрметі, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі, сондай-ақ мұсылман отбасына тән имани әдеп пен тәртіп жөнінде тағылымды уағыз-насихат жүргізді.

Жиын соңында жамағат имамға алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы кездесулердің алдағы уақытта да жиі өтіп тұруын тілге тиек етті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz