Теміртау қалалық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде жазғы «Имани жаз – 2025» сауат ашу курсы жалғасып жатыр.
Сабақтарды мешіттің наиб имамдары Мақсат Қошқарбекұлы мен Салахиддинаюби Бахытжанұлы жүргізді.
Курс аясында балаларға Құран әліппесі, намаз негіздері, мұсылман әдебі мен көркем мінез туралы дәрістер өтеді.
Сонымен қатар түрлі танымдық ойындар мен тәрбиелік шаралар ұйымдастырылып, шәкірттер сабаққа белсенділік танытып жүр.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі