Теміртау қаласының мешіттерінде қыз балаларға арналған жазғы сауат ашу курстары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.
Ихсан мен имандылықты дәріптейтін бұл дәрістерді мешіт ұстаздары Муслима Абдраймқызы мен Ақниет Дауирғалиқызы жүргізіп, шәкірттерге Құран әліппесі, имани тәрбие, әдеп пен көркем мінез туралы білім беріп жүр.
Курс барысында қыздар рухани тәрбие алумен қатар, өзара достық пен бауырмалдықты нығайта түсті.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі