Абай ауданына қарасты Қарабас кентінің түзету мекемесінде ұлттық спорт түрі – қазақ күресінен тартысты сайыс ұйымдастырылды. Жарыс екі салмақ дәрежесі бойынша – 80 келіге дейінгі және 80 келіден жоғары салмақтағы балуандар арасында өтті.
Сайысқа түзету мекемесінің белсенді азаматтары қатысып, өзара күш сынасты. Қатысушылар ұлттық рухты көтеріп, қазақ күресін кеңінен насихаттауға үлес қосты.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы сыйлықтар мен марапаттар табысталды.
Бұл іс-шара Абай ауданының бас имамы Асхат Қанайұлының бастамасымен өткізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық сайыстар мешіттің рухани-танымдық және тәрбие бағытындағы жұмыстарымен қатар, жастарды саламатты өмір салтына баулуға ықпал етеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі