Center Image
IHSAN.KZ
Қарабас мешітінің имамы әскери бөлімде суицидтің алдын алуды насихаттады
Қарабас мешітінің имамы әскери бөлімде суицидтің алдын алуды насихаттады

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарабас кенті мешітінің имамы Шарифулла Шадиев 6505 әскери бөлімінің 4-атқыштар батальонында «Өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында өмірдің маңыздылығы, қиындықтарды еңсерудің жолдары мен имандылықтың рөлі кеңінен түсіндірілді.

Жеке құраммен жүздескен имам рухани тірек пен үміттің дінмен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Іс-шара сарбаздардың моральдық-психологиялық ахуалын нығайтуға бағытталды.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz