Center Image
IHSAN.KZ
Қуаныш ауылдық мешітінде «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы талқыланды
Қуаныш ауылдық мешітінде «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы талқыланды

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Қуаныш ауылдық мешітінің имамы Бауыржан Сейдуалиұлы Омарбеков жамағатқа «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында дәріс өткізді. Дәрісте ислам дінінің қазақ қоғамындағы орны мен тарихи діни мектептердің тағылымы баяндалды.

Сондай-ақ имам жамағатқа кітаптағы құнды деректерді мысалға келтіріп, ұлттық руханият пен имандылықтың сабақтастығын түсіндірді. Жиналған жамағат дәріс барысында кітаптың маңыздылығын талқылады. 

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz