«Жерлестерге жәрдем» атты қайрымдылық шарасын аудандық мешіттің бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы ұйымдастырып ауданның әлеуметі аз қамтылған және мұқтаж болған жерлестерге ,қарттар үйіне,мекемелер мен мектептер, ауруханаларға,т.б.орындарға көмек көрсетілді. ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен жер-жерде, елді мекендерде қайырымдылық шаралар жалғасын табуда. Дін мен Дәстүр сабақтастығына назар салған әрбір исі мұсылман қауым шариғатпен де, дәстүрмен де өзгені өзіндей көруге міндетті. Асыл дініміз жоқ жітікке қамқор болуға шақырады. Қазақ даналығы да «Өзімде болмаса да ,елімде болсын» - деп отыратын ел ұрпақтары қашанда мұқтаждарға қамқорлық жасау сауапты амал екенін біледі. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылды «Дін мен Дәстүр» жылы деп атап қайырымдылық шараларына жиі көңіл бөлу керектігін тапсырған болатын. Бас мүфтидің тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Бұқар жырау ауданы бойынша бас имам Аманбол қажы Рымқұлұлы сауапты да жауапты амалға мұрындық болып, өз жерлестеріне қолдау көрсететіндігін ісімен дәлелдеу мақсатында қайырымдылық шара ұйымдастырып көптің ықыласына бөленді. 13.02.2014 ж аудандық «Жыржыс қажы» мешітіне өз үлесін алуға келген әрбір адамға 1 қап ұн,1 қап картоп,2 қап капустадан таратылды.Кейбір мектеп мекемелерге 10-20 қаптан таратылса, 1 тонна картоп ,3 тонна капуста,1 тонна ұн барлығы, 5 тонна азық-түлік таратылды. Бұл ауқымды қайырымдылық шараны қолдаған халық қалаулысы, кәсіпкер Берент В.Л.,және шаруа қожалығының басшылары Исабеков С. С,Мағзумов Хамзе, азаматтарымызға Алла береке берсін деп тілейміз.
[gallery link="file"]5 тонна азық-түліктің сауабы қанша?