Center Image
IHSAN.KZ
Футболистердің арманы орындалды
Футболистердің арманы орындалды

Футболистердің арманы орындалдыФутбол алаңында ойын көрсетіп жүрген қарындастарымыздың қуанышында шек жоқ. Наурыз айының 1-і күні халықаралық футбол ұйымы ойын кезінде мұсылман қандастарымызға сәлде мен хиджабта өнер көрсетуге ресми түрде рұқсат берді. ФИФА-ның бас хатшысы Джерома Вальке осынау жағымды жаңалықты растап отыр. 2007 жылы ФИФА қандай да бір жарақат алу қаупін сылтауратып, байламмен ойнауға тыйым салған еді. Аталған кеңес бұл шешімді 2012 жылдың шілде айында Азия футбол конфедерациясының өтініші негізінде мақұлдады. ФИФА шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, олардың мұндай қадамға баруына Иордания королі Абдолла ІІ-нің бауыры Әли ықпал еткен көрінеді.

Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі Тотия Енсебаева



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz