Ақпан айының 9-жұлдызында Теміртау қаласының Мәдениет үйінде Мәуліт мерекесі тойланды. Пайғамбарымыздың туған күні мәуліт мерекесіне Қарағанды орталық мешітінің найб имамы Құрманов Серік Қарағанды қаласы №1мешіттің найб имамы Оралбай қажы аудан имамдары мен бірге Алматы шаһарынан арнайы келген «Сәт тобы» Мәуліт мерекесінің құрметті қонағы болып қайтты. Сонымен қатар қала әкімінің бірінші орынбасары Есмурзаев Алтынбек ішкі саясат бөлімі, ақсақалдар алқасының мүшелері де болды. Жалпы биылғы мәуліт мерекесіне жиналған жұрттың легі сондай көп болды . Рет-ретімен сөз алған мерекенің қонақтары мерекеге деген ыстық ықыластарын білдірді. Өз кезегінде облыстық орталық мешіттің найб имамы Құрманов Серік өкіл имамның ыстық сәлемін жеткізіп, дүйім қауымды мәуліт мерекесімен шын жректен құттықтады және сөзін әрі қарай пайғамбарымыздың үлгі-өнеге тұтар жақсы қасиеттерімен уағыздаған найб имам халықты рухани бір шаттандырды. Осылайша Теміртау қаласында мәуліт мерекесі өз мәресіне жетті. Жиналған жұрт Теміртау қаласының имамдарына, ұйымдастырушылар тобына өз ризашылықтарын білдірді.
[gallery link="file"]Мәуліт мерекесі Теміртау қаласында