Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда кәсіпкерлермен кездесу өтті

Сәуірдің 4-жұлдызында Теміртау қалалық орталық мешітінің бас имамы Төлтаев Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен Теміртау қаласының кәсіпкерлерімен басшыларының басын қосып ас берді. Мұндағы мақсат ескі жыл есіркесін, жаңа жылда жаңа табыстарға жетейік деген игі тілек еді. Бас имам өткен жылдары Алланың үйі мешіттің күрделі ремонттан өтуіне себепкер болып, қол ұшын берген қала басшылары мен кәсіпкер азаматтарға орамал тон болмайды, жол болады деген ізгі ниетпен сый-сияпат көрсетіп, ризашылығын білдірді. Жиналған азаматтарға зекет жайлы уағыз айтып, оның әрбір мұсылманның мойнындағы парыз екендігіне ашып айтып, осындай игі шаралардың жылдап көбейе берсе деген жақсы лебізін білдірді. Соңында қолы жомарт ағаларымыздың отбасына амандық, зор денсаулық тілеп, ақ батасын берді.

[gallery columns="2" ids="5546,5547"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz