Бүгінгі таңда көп жастарымыз ғаламтор желісі арқылы көкейкесті сұрақтарына жауап алып жатады. Ал, бірақ сауалға алған жауаптың қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екендігін түбегейлі біле бермейміз. Себебі, жастарымыздың қазір исламға ден бұрып жатқандығына байланысты ғаламторда жауыннан кейінгі шыққан саңырауқұлақтай түрлі сайттар қаптап кетті. Осы орайда, абай болу қажет. Түрлі сайттарды жағаламай, облыс орталықтарында тіркелген мешіт сайттарын қолданған жөн болады. Түрлі идеялогияны тықпалаған сайттардан гөрі, мешіттің сенімді сайтынан керегін оқып, сұрақтарыңызды қойсаңыз, мардымды жауап ала аласыз. Осы жөнінде Қарағанды облыстық орталық мешітінің найб имамы Қосмағамбетов Бекболат студент жастарымыздың арасында кеңінен уағыз-насихат жүргізіп, Қарағанды облыстық орталық мешітінің ресми сайты www.ihsan.kz логотипімен арнайы жасалған 3000 қаламсапты тегін үлестірді.
[gallery columns="2" ids="5629,5630"]Тотия Енсебаева