Қарағанды облыстық орталық мешітінде аудан, қала имамдарының басын қосқан алқалы жиын жиі өтіп тұрады. Бұл өз кезегінде имамдардың жауапкершілігін арттырып, өз жұмысына деген ынтасын күшейтуге септігін тигізеді. Осыған орай, бүгін сәуір айының 10-сәуірде Қалалық Әділет Басқармасының басшысы Алтаев Айдар Өмірзақұлы, Мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы, Қарағанды облысына қарасты қала, аудан мешіттерінің имамдары Қарағанды облыстық орталық мешітіне ат басын тіреді. Кезекті жиында алғашқы болып сөз бастаған Ербол Сағиұлы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлының сәлемдемесін жеткізіп, жиналған мешіт имамдарына қызметтерінде сәттілік тіледі. Басқосуда көтерілген басты мәселелердің бірі – аудан қала мешіттерінің тіркелу жұмыстары. Жаңа ашылған мешіттердің заңнамаға сәйкес ресми тіркелуі, қайта тіркеу жайлы мағлұматтар берілді. Елбасымыздың «Мәңгілік ел» жолдауына сәйкес, бірлігімізді, ынтымағымызды нығайтып, «Бірлік болмай, тірлік болмас» дегендей, көптен шешімін таппаған мешіттердің тіркеу жұмыстарын, бірлесе шешіп, бір жүйеге ыңғайластыру тапсырылды. Сонымен қатар, ағымдағы ҚМДБ тарапынан берілетін іс-шаралардың дер кезінде орындалып, оның ішінде мешіттердің сыртқы және ішкі тазалықтарына аса ден қою керектігі айтылды.
[gallery columns="2" link="file" ids="5640,5641"]Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі