«Сәуір болмай, тәуір болмас» деген ғибрат бар. Сол наурыз айының сонғы күндері ауа райының күрт жылынуынан арналар суға толып, тұрғындардың өміріне қауып төндірді. Осакаров ауданы Қарағайлы селолық округінің 58 тұрғын үйін су басып, 6 үй жарамсыз болып қалды.Тұрғындардың мал – мүлкі, азық түлігі, керек жарағы бәрі суға кетті. Осындай қиын сәтте қол ұшын беру мұсылмандық парызымыз деп санаған, Осакаров ауданы Тоқа Байғозы қажы мешітінің бас имамы Қанат Анасұлы бастаған мешіт жамағаты жұмылып жұдырық болып, барынша жәрдем көрсетіп, киім кешек, кілем және ақшалай қайрымдылық жасап өз үлестерін қосып қайтты.
Осакаров ауданының жамағаты.