Қарағанды облысы Балқаш қалалық мешіті, мешіт айналасын тазалауға арнайы сенбілік ұйымдастырды. «Тазалық иманның жартысы» деген хадисті ту етіп ат салысқан бұл шараға бас имам, наиб имамдар, мешіт ұжымы, жергілікті оқу орындары:, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің студенттері қатысты. Мешіт ауласына гүлдер отырғызылып, су ағатын аралық жолдары қоқыстан, ағаш бұтақтарынан тазартылды. Іс-шара барысында тазалық жұмыстары жасалып, көшеттер отырғызылды. Ағаштардың бұтақтарын кесіп жөнге келтірілді.
[gallery columns="5" link="file" ids="5734,5735,5736,5737,5738"]Атадан мал қалғанша тал қалсын