Мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық акциясы өтті. Қашан да мұқтаж жандарға асыраусыз қалған бөбектерге жаны ашып, қол ұшын беріп, барын аямайтын ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Бекқожа Өмірзақ қажы Қазкенұлы әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Гүлсім Бексултанқызымен кездесіп, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге титтей де болсын қуаныш сыйлар деген ниетпен «Сәт» тобының концертіне 100 билет тапсырды. Естеріңізге сала кетейік, елімізге танымал «Сәт» тобының концерті сәуір айының 24-жұлдызында сағ.17:00-де өтеді.
[gallery link="file" ids="5750,5751,5752"] Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі«Сәт» тобының концертіне 100 билет