Center Image
IHSAN.KZ
«Әзірет Сұлтан» мешітіне алғысымыз шексіз

«Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай Ораздың бастамасымен қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, су тасқынынан зардап шеккен Көкпекті ауылына материалдық көмек көрсетілді. Алыстағы ағайынның ауыр жағдайын естіген «Әзірет Сұлтан» қарлығаштай қаралы елге материалдық көмек көрсетіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Қолға алынған қайырымдылық шарасы аясында Көкпекті тұрғындарына жетпіске жуық киім-кешек түрі топтастырылған жүз сөмке дайындалып, тарату жұмыстары жүргізілді. Алыстан ат терлетіп жеткен мешіт қызметкерлері баспанасы суға кетіп, барынан айырылған елге басу айтты. Ауыл әкімшілігі арқылы түзілген тізім бойынша, үй аралап, сөмке үлестірген мешіт қызметкерлерінің бұл игілікті ісі Көкпекті тұрғындарына титтей де болсын жұбаныш сыйлағаны үшін алғысымыз шексіз. Пайғамбарымыздан жеткен бір хадисте «Алла тағала ең жақсы көретін амал мұсылманға қуаныш сыйлау, оның қайғысын сейілту, қарызын өтеу, аштығын кетіру...» делінеді. Мұң шалған жанарға бей-жай қарамай, қайғыға ортақтасып, қамқорлық таныту – қашанда мұсылманның парызы. Ендеше, қандастарымыздың қиындығына қабырғасы қайысып, қол ұшын созған азаматтарымыздың ісін Алла сауапқа жазғай!

[gallery link="file" ids="5772,5773,5774,5775,5776,5777"] Тотия Енсебаева Қарағанды облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz