Center Image
IHSAN.KZ
Мектеп оқушыларымен кездесу жалғасын табуда

Қазақстан мемлекетіміз тәуелсіздік алып, Ислам дініміздің бой көтере қуаттанып келе жатқан шағы. Түрлі жалған жасанды ағымдардың тұс – тұстан Ислам дінінің атын жамылып ынтымағы ұйыған халқымыздың берекесін алуда . Қазақпын деген халқымыздың қазақия салт – дәстүрімізді сақтап қалу мақсатында дініміз Исламның бірлігін және хақтығын уағыз насихат етпек жоспармен Сартау, Тәттімбет, Мәди, Бесоба, Ынталы, Матақ ауылдық елді мекеніне аралау жоспарымен Қарқаралы ауданының Бас имамы Әміржан Әшімұлы қатысуымен ат басын тіреген болатынбыз. Бір жеті бұрын хабар жеткізген ауыл мектеп оқушылары жинала бастады. Жиналыс Алланың қалауымен барғанымызға қарай, көптеген сұрақтар қойылды. Әсіресе бұл арадан аңғарғанымыз жалған діни ағымдар жөнінде уағыз айтылу керектігін түсінген Қарқаралы ауданның бас иамамы Әміржан Әшімұлы ере келген топ мүшелері сұрақтарға аса маңызды да терең ойлы жауаптар қайтарылып, діни сауаттылықтан сусындаған ауылдық мектеп оқушылары көңілдері шат – шадыман болып ықыласпен тарасты. Ауыл мұғалімдері ат басын тірей келген аудан басшыларын марапаттап ізгі құрмет көрсетіп, сыйлап шығарып салды.

[gallery link="file" ids="5941,5942,5943,5944,5945,5946"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz