Дін мәселесі қай заманда қай қоғамда болмасын ең маңызды өзекті де күрделі мәселелердің бірі болып келуде. Алайда қазіргі кезде ислам діні туралы қоғамда әртүрлі уағыздар айтылып, қой терісін жамылған қасқырлар қоғамға зиянды әсерін тигізіп, жат ағымның етегіне еріп, теріс пиғылды топтардың көбеюі артуда. Осындай топтардың қоршауында қалған жастарымыздың санасына діннің қоғамда алатын орны жайлы айтуды жөн санап қалалық ішкі саясат бөлімімен келісе отырып 24- сәуір күні Балқаш қаласындағы №31765 әскери бөлімінде кездесу болып өтті. Кездесуге Балқаш қалалық мешіттің ұстазы Сейдалиев Досбол, ішкі саясат бөлімінің маманы Алыбаева Айым, №31765 әскери бөлімі штаб бастығы командирінің бірінші орынбасары майор Кожахов Арман Еңбекбайұлы және осы бөлімнің әскери қызметкерлері қатысты. Дін және қоғам, оның алатын орны жайлы, еліміздегі сырттан ағылып келіп келіп жатқан жат ағымдардың етек жаюы, үлкен күрделі мәселе екендігі айтылып, халқымызды мәдени және діни білімнің жоғары болуы керектігін тілге тиек еткен қалалық мешіттің ұстазы экстремизм және терроризм жайлы жалпы уағыз айтып, сұрақтарға жауап берді.
[gallery link="file" columns="4" ids="6014,6015,6016,6017"]Дін және қоғам