Көктемгі маусымда жан-жақты тазалық жұмыстары жүргізіліп жатқанда, №1-мешіт қызметкерлері жыл сайынғы дәстүрге айналған істі жалғастырып қала іргесіндегі қорымды қоқыстардан тазалау мақсатында зиярат жасады. Бас имам Орманбет қажы сауапты істің алдында қабір басында Құран оқып, дүниеден өткендерге дұға жасады. Мешіт қызметкерлері зират ішіндегі қоқыстарды жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Халқымыз дүниеден өткендерді құрметтеуге ерекше көңіл бөлетіндіктен, өз ауламыздың тазалығына ғана емес, зираттардың да таза, ұқыпты болуын жадында ұстауға дағдыланып қалды.
[gallery ids="6132,6133,6134"]Зираттар тазаланып, дұға бағышталды