Center Image
IHSAN.KZ
Қарт анаға қайырымдылық жасалды

Бас имам Орманбет қажының ұйытқы болуымен өтіп жатқан қайырымдылық шаралардың кезекті көмегі қала тұрғыны 76 жастағы Ғалия әжеге көрсетілді. Қарт ана пәтерінде жалғыз өзі тұрады. Құдай қосқан қосағы осыдан он жыл бұрын дүниеден өткен. Туған балалары жоқ. Үй-ішінің тірлігіне ширақ, бос уақытында құрақтан кесте тігіп, көрпеше көктейді екен. Онысын көршілерге, дос-жарандарға сый етіп тарқатып беретін ананың көңілінің дархандығына тәнті болдық. Дін қызметкерлерінің көңіл бөліп келгеніне балаша мәз болған әжей өткен өмірінен сыр шертіп, көңілін бір босатып алды. Күтімге мұқтаж әжейге №1-мешіт тарапынан ет, азық-түлік берілді. Мешіт шәкірттері ананың алғысын арқалау ниетімен ақ жаулық сыйлап, үй-ішін ретке келтіріп қолғабыс тигізді.

[gallery link="file" columns="4" ids="6203,6204,6205,6206"]

Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметі



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz