Center Image
IHSAN.KZ
Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы

"Бірлік бар жерде - тірлік бар" дейді біздің халық. Дана жұрт мұны тегіннен-тегін айта салмаса керек. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін, жыл сайын 1 мамыр күні бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Соның бірі, Қарағанды қаласының орталық алаңдарында жүріп өтті. Шеруге, ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкілі, Қарағанды облыстық орталық мешіттің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы арнайы шақырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти хазірет Ержан қажы Малғажыұлының құттықтау сөзін жеткізді. Сөз соңынды өз тарпынан баршаны «1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі» күнімен құттықтады. «Қазақстанның көпұлтты халықтары арасындағы бірлік пен ынтымақтастығы нығая берсін! Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы, ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысайық. Береке-бірлігіміз арта берсін, ағайын!» - деп тілегін білдіріп қайтты. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

[gallery link="file" columns="4" ids="6239,6238,6237,6236"]

Қарағанды облыстық орталық мешіттің баспасөз қызметі Ақерке Райымбекова



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz