Center Image
IHSAN.KZ
Астанада ҚР Президентiнiң қатысуымен Ел Бiрлiгi күнi мерекесi басталды
 Астанада ҚР Президентiнiң қатысуымен Ел Бiрлiгi күнi мерекесi басталды

 Астанада ҚР Президентiнiң қатысуымен Ел Бiрлiгi күнi мерекесi басталды	Астанада Қазақ Елi монументi алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ел Бiрлiгi күнi мерекесi басталды.

Бүгiн күнi бойы дүбiрлi концерттiк бағдарлама жалғаспақ. Бас сахнада 700-ден астам өрен мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерiн қала тұрғындары мен қонақтарға паш ететiн болады. Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiне орай, сахнада "Құрақ көрпе" құрылымы суреттелiп, ондағы әр шығарма ел ынтымағының бiртұтастығын арқау етпек.

Сахнада "Наз" би ансамблi, "Шабыт" қазақ ұлттық өнер университетiнiң би тобы, Өскемен қаласының "Флэш" балет тобы, Қарағандының "Исторка" би ансамблi, Шымкент қаласының "Шамсинур" және "Айгөлек" би топтары, сондай-ақ ТМД елдерiнен - "Вайнах" би ансамблi (Шешен Республикасы), Мемлекеттiк Омбы би және ән ансамблi, Тбилисидің грузиндiк ұлттық хор, Анкараның түрiк ұлттық хоры мейрамды тойлауға жиналған жұртшылықты дәстүрлi өнерлерiмен таныстыратын болады. Ал алыс та жақын шетелдік мемлекеттерден арнайы келген әншілер - Зитхер (Германия), Мадан Оак ( Үндiстан), Чжудың (Қытай) қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік тартулары да халық көңілінен шығары сөзсіз.

muslim.kz



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz