ҚМДБ-ның шығарған жарғысына байланысты, жыл сайын мұсылман бейіттерінің маңайына тазалық жұмыстары жүргізіледі. Осындай тазалық жұмыстарын мамыр айының 3-ші жұлдызында Шахтинск қаласы «Нұр» мешіттің бас имамы жалпы халықты ұйымдастыруымен, бейіттің басы тазаланды. Жалпы жиналған қауым дүниеден өткен ата бабаларына, Құран оқып бағышылап жұмысқа кірісті. Халықты жинап апаратын автобустар, қоқыс тиейтін және оны сыртқа шығаратын арнайы техникалар алынды. Бейіттің сыртындағы қоршауы жоқ жерлер толық қоршалды. Үлкен ақжаулықты аналар мен аталар жастарға дән риза болып: «Өзім емес, ұрпағым мың жасасын» деп баталарын беріп жатты.
[gallery link="file" columns="2" ids="6279,6280"]Мұсылмандар бейіті тазартылды