Бұқар жырау ауданына қарасты Қарақұдық ауылындағы өткен мәулітті екі «сәт» қолдады. Ауыл молдасы Уримхан Айболаттың бастауымен ауылда алғаш өткен мәуліт мерекесінің ойдағыдай өз деңгейінде өтуіне мұрындық болған аталмыш ауыл төңірегіне орналасқан «Сәт көмір» компанясы қолдап, демеушілік көрсетуде аянбады. Мешітке бар ынта ниеттерімен ыстық суығына, жалпы мешіттің жүйелі жұмыс жасауына, аландаған компания басшылары мешітті әрдайым қамқорлығынан тастаған емес. Сондай-ақ Республикалық сахналарда өнер көрсетіп жүрген елге танымал «Сәт» тобыда мәулітке арнаған шашуымен арнайы ауыл сахнасында ән айтты. Осылайша екі Сәттің сәттілігімен басталған мәулітке жиналған ауыл тұрғындары тәнті болды. Алғаш сөз алған облыстық мешіттің найб имамы Құрманов Серік әсерлі уағыз айтып, жамағатты құттықтады. Мәуліттің салауатын ел мақтанышы арқаның азулы ақыны Дидар Қамиев орындады. Республикалық АНТ мүшесі «Нұрлы білім» қоғамдық қорынының төрағасы, тарихшы магистр Сыздықов Рүстемнің уағызынан ел ой түйіп көкірегіне иман нұры ұялағандай әсер алған жамағатқа ауданның Бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы аудан төңірегіндегі өтіп жатқан мәуліт кештерінің өз деңгейінде өткізіп жүрген ауыл молдаларының ерен еңбектерін деп бағалап алғысын айтты. Мәулітті жүргізіп отырған ауыл мақтанышы арқаның ақыны Айтбай Жұмағұлов өз кіндік қаны тамған ауылына мешіт салып беріп ерлетсе, бүгінде сол мешіттің елге атқарып жатқан қызметіне өз үлесін ардайым қосудан аянбайтындығын айтты. Мәулітке келген қонақтардың бірі Дін істері агенттігінен Қарлығаш Мұхамеджановна да өз құттықтауын айтты. Ауыл әкімі Орымбала Николаевна, Омаров Абдіхалық, Нұртаева Гуля, Садыкова Майра қажы апаларымыз да өз үлестерін қосты. Ауыл тұрғындары Макенов Қанат, Қайрат деген ағайынды азаматтар дастархан жайып ас берді.
[gallery link="file" ids="6287,6288,6289"] «Сәт» сәттілік көрсетті