Center Image
IHSAN.KZ
Рағайып түнін қарсы алды

Мамыр айының 1-нен 2 - не қараған кеші «Тоқа Байғозы қажы» мешітінің жамағаты ақшам намазына жиналып, «Рағайып» түнін қарсы алды. Аудандық мешіттің бас имамы Қанат Анасұлы жиналған жамағатқа, үш айдың қасиеті және үш айдың ішіндегі қасиетті түндері жайлы түсіндірді. Имам келген жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Ережеп айының алғашқы бейсенбі күні жұмаға қараған түні рағайып түнінде 16 ракағат нәпіл намаз оқыса, әр «фатиха» сүресінен кейін «ыхлас» пен «маузатаййн» сүрелерін қосып оқыса анадан жаңа туылғандай күнәдан тазаратынын айтып жеткізді. Жиналған жамағат риза болып, осындай қасиетті түндерді бос жібермейтіндерін айтып тарқасты.

[gallery link="file" columns="2" ids="6294,6295"]

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz