Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінен алынған тізімнің реті бойынша Қарағанды қаласы, Новая көшесі 27-үй тұрғыны 1998 жылы туылған Жұмағұлов Әлимұса мен оның анасының отбасында болған наиб имам Бақдәулет Қыдырбайұлы жалғызбасты ананы сабырлыққа үндеп, әрбір сынақтың дәрежесіне сай Алладан жеңілдік болатындығын насихаттады. Тумысынан мүгедек баланың жағдайы тым ауыр. Өздігінен жүре алмайды, сөйлеуге тілі келмейді. Жасы он алтыға толған. Терезеден телміріп, сырттағы балалар сияқты өз аяғымен жүріп ойнауды армандайтыны қос жанарынан білініп тұр. Амал нешік, Алланың осындай тағдырына сабыр етуден басқа шара бар ма? Еңбектеп қана жүретін ер азаматының ертеңгі күні аяқтан тұрып кетуін күндіз-түні Жаратқаннан сұрап жүрген анасының дұғасы қабыл, жасап жатқан ем-домы сәтті болсын деп бата жасалды. Бұл отбасына да азық-түлік, тәттілер мен қой етінен тарту етілді. Шынайы мұқтаж жанға ізгі ниетпен қайырымдылық жасап, екі дүниенің нығметіне бөленуді ниет еткен кісі жоғарыдағы мекен-жайға барып, мүмкіндігінше қол ұшын берсе нұр үстіне нұр болар еді.
[gallery link="file" columns="2" ids="6304,6305"] Қарағанды қалалық №1-мешітінің баспасөз қызметіЖылы жүрек, ыстық көңіл бөлінді