Мамыр айының 3-ші жұлдызында Қарқаралыға қарасты ауыл имамдарымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында, Құнанбай қажы мешітінің найб имамы Асқар Мейрамбекұлы ҚМДБ-ның тапсырмаларын түсіндіріп, алдағы уақытта қатаң орындауларын тапсырды. Жиында қозғалған мәселелер: Мешіттердің кітапханасын қажетті әдебиеттермен толықтай қамтамасыз ету. Сондай-ақ, Ф. Гүленнің еңбектерін мешіт кітапханаларынан түгелдей алынып тастау керектігі қатаң тапсырылды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің тапсырмасына байланысты ауыл мешіттерінде «Ақида пәні» бойынша сабақ беру тапсырылған болатын. Ақида дәрістері ҚМДБ-ның ресми бекіткен имам Әбу Ханифаның «Әл фиқһул Акбар», «Уасия» «Имам Тахауий ақидасы» және Ризабек Батталұлының «Ақида сабақтары» кітаптары бойынша берілуі, соннымен қатар, осы аталған кітаптардан тыс, басқа оқулықтардан сабақ берілмеуі ескертілді. ҚМДБ-ға қарасты діни оқу орындарына 2014-2015 жаңа оқу жылына талапкерлер керектігі айтылып, Қазақстан Республикасындағы 9 медресеге және Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетіне оқуға ниет білдірген үміткерлерді дайындауға сөз қозғалды. ҚМДБ-ның діни оқу-ағарту бөлімінің 2014 жылғы жоспары бойынша, Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің алға қойған жоспары бойынша, ауыл молдаларға қол үзбей білім алулары тапсырылды. Күнделікті бес уақыт намазды мешітте оқуларын, сонымен қатар ақшам, құптан намаздары аралығында уағыз айтылуы ескертілді. Жиналыстың соңында, жоспар бойынша ауыл имамдарына Құран Кәрімнен сабақ берілді. Ауыл имамдары тапсырылған тапсырмаларды бір ауыздан қолдап, алдағы уақытта асыл дінімізге ерінбей қызмет ететіндігін айтты.
[gallery link="file" columns="2" ids="6355,6356"]«Құнанбай қажы» мешітінде Ауыл молдаларымен жиын өткізілді