ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет, имам, молдаларды аттестатциядан өткізіп, жан-жақты білімдерін дамытуға шет елдермен келісім шарттар арқылы, оқу ағартуға қатты көңіл бөлуде. Осы мақсатта Бұқар жырау ауданының біраз молдалары, ҚМДБ-ның сараптауына түсіп, Алматы қаласынан абыроймен оралып, Бас мүфтидің бұйрығымен: Акошев Рүстем Муратович, Бұқар жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітіне азаншы, Шабденбеков Дулат, Бұқар жырау ауданы Молодецкое ауылы мешітінің молдасы, Молдабеков Тасболат Кызаевич, Бұқар жырау ауданы Керней ауылдық мешітіне молда, Машрапов Айдос Калламаевич, Бұқар жырау ауданы Алғабас ауылдық мешітіне молда болып тағайындалды. Бас мүфтидің тағайындауымен, жаңа қызметтеріне кірісті. Ауданның Бас имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы, сәуір айының 6-шы жұлдызы күні, ауыл молдаларын жаңа қызметке тағайындауға Керней, Алғабас, Молодецкое ауылдарына барды. Жергілікті жамағатқа жаңадан тағайындалған молдаларды таныстырып, сәттілік тіледі.
[gallery link="file" ids="6386,6387,6388"]Молдалар бұйрық алды